29-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

29-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

2023 ЖЫЛҒЫ 17 МАМЫРДА АЛМАТЫДА «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» - KIHE 2023 28-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ.

2023 ЖЫЛДЫҢ ЭКСПОНЕНТТЕРІ БЕЛАРУСЬ, ҰЛЫБРИТАНИЯ, ВЕНГРИЯ, ГЕРМАНИЯ, ЕГИПЕТ, ИТАЛИЯ, ИОРДАНИЯ, ҚАЗАҚСТАН, ҚЫТАЙ, ЛАТВИЯ, ПӘКІСТАН, РЕСЕЙ, АҚШ, ФРАНЦИЯ, ЧЕХИЯ, ӨЗБЕКСТАН, ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН 300-ДЕН АСТАМ КОМПАНИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Биылғы экспозиция аясында заманауи диагностикалық және терапевтік технологиялар, клиникалар мен зертханаларға арналған шығын материалдары, әртүрлі мақсаттағы медициналық бұйымдар, фармацевтикалық препараттарды өндіруге, буып-түюге және таңбалауға арналған жабдықтар және т. б. ұсынылады. 

KIHE 2023-те зертханалық диагностикаға көп көңіл бөлінеді. Қатысушылар заманауи және сенімді зертханалық жабдықтардың, химиялық реактивтердің, зертханалық жиһаздардың, ыдыс-аяқтардың және шығын материалдарының кең ассортиментін ұсынады.

KIHE 2023 іскерлік бағдарламасына қатысу кәсіби біліктілікті арттыруға және зертханалық жабдықтар нарығының жаңалықтарын зерделеуге мүмкіндік береді.

17 мамырда сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін семинар бөлмесінде (11 павильон) «Алифакс» ЖШҚ "Бактериологиядағы автоматтандыру және жаңа технологиялар"семинарын ұйымдастырады.

17 мамырда сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін «Қазақстандық медициналық зертханалық диагностика қауымдастығы» РҚБ (ҚМЗДҚ) конференция залында (10 павильон) «Қазақстанда зертханалық медицинаны дамытудың ағымдағы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Баяндамашылар: С.А. Рүстемов - б.ғ.к. / ҚМЗДҚ президентінің м.а. (Алматы, ҚР), Д.Ч. Уразбаева - м.ғ.д. / ҚМЗДҚ білім беру бағдарламаларының Вице - президенті, А.С. Садвакас - медицина ғылымдарының магистрі / ҚМЗДҚ КДЗ дамыту жөніндегі Вице-Президенті, Н.Н. Моршакова - ҚРДСМ жанындағы Техникалық реттеу саласындағы кеңестің сарапшысы / «Қазақстандық сынақтар және аудит орталығы» ЖШС атқарушы директоры.

Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптары:

  • Кәсіби ұйымдардың Зертханалық медицина және КДЗ кадрларын даярлау саласындағы нормативтік актілерді өзектендіруге қатысуы.
  • Медициналық емес білімі бар Қазақстанның зертханалық қызметі мамандарының мәртебесін арттыру мәселелері. Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы ҚРДСМ № ҚРДСМ-305/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мәселелерін талқылаймыз.
  • Алдын ала техникалық қызмет көрсету моделі ретінде Қазақстанда медициналық техниканың сервистік келісімшарттарын дамыту мәселелері.
  • ҚР-да медициналық техникаға баға белгілеу мәселелерін және № ҚР ДСМ-247/2020 ҚРДСМ бұйрығының жобасына өзгерістерді талқылау.

19 мамырда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін конференция залында «Зертханалық медицина федерациясы» ҚБ ұйымдастырған «Антиобиотикорезистенттілік - денсаулық сақтаудағы сын-қатерлер» республикалық конференциясы өтеді.

Антибиотиктерге төзімділік бүгінде адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне және кез келген адамға, кез келген жаста және кез келген елде әсер етуі мүмкін дамуға ең үлкен қауіптердің бірі болып табылады. Орнықтылықтың жаңа тетіктері кең таралған жұқпалы ауруларды емдеу қабілетіне қауіп төндіре отырып және соның салдарынан емдеуге жатқызудың неғұрлым ұзақ мерзімін, медициналық шығындар мен өлім-жітімнің өсуін тудыра отырып, барлық жерде пайда болады және таралады. II Республикалық конференция аясындағы пікірталастар мен іскерлік кездесулер антибиотикорезистенттілікті тежеу әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Конференцияның негізгі баяндамашылары Ж.Н. Сүлейменова – «Зертханалық медицина федерациясы» ҚБ Президенті, Н.М. Бисенова – «Зертханалық медицина федерациясы» ҚБ құрметті мүшесі, б.ғ.д., профессор, жоғары санатты бактериолог, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың микробиологиялық зертханасының басшысы, М.А. Смағұл - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Сапаны талдау және менеджмент бөлімінің басшысы, Г.А. Бейсембаева - м.ғ.к., Қарағанды облысы ДСБ зертханалық қызметінің бас штаттан тыс маманы, З.Э. Шакенова - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК ИАИБ бойынша сыртқы консультант.

Мамандарды 17-19 мамыр аралығында KIHE 2023 көрмесіне қатысуға және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және отандық зертханалық қызметті жетілдіруге бағытталған іскерлік іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

Көрмеге тегін бару және іскерлік бағдарламаға қатысу үшін сілтеме бойынша https://kihe.kz/ru/posetitelyam/poluchite-bilet-na-vystavku?promo=KIHE2023AL  сайтында тіркелуді сұраймыз

Көрмеге қатысушылардың тізімі осы сілтеме бойынша орналастырылған https://kihe.kz/ru/spisok-uchastnikov-2023

Іскерлік іс шаралардың толық тізімімен https://kihe.kz/ru/vystavka/programma#17%20%D0%9C%D0%90%D0%AF  сілтемесі бойынша танысуға болады